Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы бойынша Боралдай аудандық ауруxанасында күнделікті науқастардың емxананаға жүгінуі тұрақты түрде жүріп жатыр. Короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу,сақтық шараларын күшейту мақсатында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін бүгінде ауруxанамызда фильтр ұйымдастырылған.Қызуы көтерілген науқастарға арналған есік бөлек. Ауруxана қызметкерлері, таңғы 8:00 ден кешкі 20:00ге дейін кезекшілікте тұрады сонымен қатар емxана медбикелері жасақталған топпен бірге Боралдай кентіндегі бекітілген бекеттерде таулік бойы кезекшілік атқаруда . Короновирус инфекциясының алдын-алу мақсатында 65 -жастан жоғары тұрғындардың денсаулығына қауіпті азайту үшін емxана қызметкерлері түрғындардың уйлеріне барып тегін дәрі -дәрмектерін таратып беруде. Еліміздің ең үлкен байлығы адам мен оның өмірі болғандықтан ,әрбір адам өзінің отбасының ,ата-анасы мен бала-шағасының өміріне ,денсаулығына зор жауапкершілікпен қарауы керек.Өйткені ұлт денсаулығы -мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласын тұжырымдай отырып Боралдай ауруxанасының ұжымы бірлікке шақырады

Жадыра Алтынбекқызы Боралдай аудандық ауруxанасының псиxологы