Алматы облысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы қорытындыланды

0
801

Талдықорғанда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді.

Жалпы, Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар, 1040  тәуелсіз бақылаушылар бекітілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен 32 іс-шара ұйымдастырылды.

«Аманат» азаматтық платформасы штабының  жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы мен штаб мүшелері  17 аудан,3 қала бойынша оқыту тренингтерін өткізіп,Жетісу  Мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен кездесу өткізді.Кездесу барысында «Аманат»  азаматтық платформасының жұмысы туралы түсіндірілді.

27 мамыр күні «Аманат» Алматы облыстық  штабында Нұр- Сұлтан қаласының бас штабымен онлайн конференция өткізілді. Сонымен қатар, Президенттікке үміткер 7 партияның штаб-пәтерімен кездесу өтті.

«Біз бұл сайлаудың заңды әрі өте әділетті өтуін қадағалаймыз.9 маусым күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы облысы бойынша барлық аудандар мен қалаларда, сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылармен қамтылады»,-деді «Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы.