ЕАЭО елдерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы не білу керек?

0
382

2019 жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтті, онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшемемлекеттердің басшылары ЕАЭО-ға мүшемемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды.

Бұл Келісімнің қазақстандықтар мен ЕАЭО елдерінің басқа да азаматтары үшін қандай пайдасы бар және оны неден көруге болады?

  1. Келісімге қол қойылды, алайда ол күшіне ЕАЭО-ның барлық елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін ғана (Келісімнің 14-бабы, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда осы бағытта жұмыс жүргізілуде), шамамен 2021 жылдан кешіктірілмей енеді.
  2. Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінің еңбеккерлері зейнетақыны өз отанындағы жұмыс өтілі үшін ғана емес, сонымен қатар Келісім күшіне енген күннен кейін ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріндегі жұмыс өтілі үшін де алатын болады (Келісімнің 12-бабы).
  3. Келісім еңбеккерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты қолданылатын болады. Бұл ретте Келісімде ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылған немесе қалыптастырылатын ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің азаматы еңбек етуші болып табылатыны айқындалған(Келісімнің 1-бабы).
  4. Келісімнің негізгі мақсаты – мүше-мемлекетеңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасатын мемлекеттің азаматтары қамтылған талаптар мен тәртіпте қалыптастыру. Келісім аясындаЕАЭО-ға мүше-мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарыназейнетақымен қамтамасыз ету бойынша құқықтар көлемін өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей ұсынуға кепілдік беруі тиіс (Келісімнің 3-бабы).
  5. Келісім қолданылатын ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер тағайындайтын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

Қазақстанда КелісімдіБЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерібойынша құқықтық қатынастарға қолдану көзделіп отыр, атап айтсақ:

  • зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлем(Қазақстан заңнамасы бойынша);
  • 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша);
  • мұрагерлерге біржолғы төлем.
  1. Еңбеккерлер зейнетақы құқықтарын ЕАЭО елдерінде Келісім күшіне енгеннен кейін қалыптастырған жағдайда, зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан елдің азаматтарына арналған шарттармен бірдей жағдайларда жүзеге асырылады.

Еңбеккер зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша өтінішпен тұрғылықты және(немесе) жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы болады (Келісімнің 3-б.).

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

  1. Егер еңбек етушінің бір мүше-мемлекеттің аумағында Келісім күшіне енгеннен кейін жинаған еңбек өтілі зейнетақы алу (зейнетақы жинағын қоспағанда) құқығыныңтуындауы үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумақтарында жинақтаған жұмыс өтілі әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ескерілмек, алуақытыжағынан тұспа-тұс келетін еңбек өтілі бұған қосылмайды (Келісімнің 7-бабы).
  2. Келісім аясында мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында еңбек етушіге мүгедектік белгілеу үшін медициналық тексеру тұрғылықты мемлекет заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жерінде, алмүгедектік мерзімі мен тобынбелгілеу үшін медициналық куәландыру жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасы бойынша жүргізіледі,мүгедектік бойынша зейнетақы тағайындау және төлеу сол мемлекеттің заңнамасына сай жүзеге асырылады (Келісімнің 9-бабы).
  3. Еңбеккер зейнетақыны тұрғылықты мемлекет аумағында не зейнетақы тағайындаған ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің аумағында алуға құқылы(Келісімнің 4-бабы).
  4. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет зейнетақы мөлшерін Келісімнің ережелерін ескере отырып, зейнетақы тағайындайтын мүше-мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді (Келісімнің 8-бабы).

Келісім ережелерін іске асыру жөніндегі мысал: 

Егер Қазақстан азаматы жұмыс өтілін (мысалы, 3-5 жыл) Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше-мемлекет аумағында жинаған жағдайда, жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы заңнамасыныңшарттары бойынша зейнетақы алуға құқық туындаған кезде (зейнеткерлік жасқа жету, белгілі бір еңбек өтілінің, жеке зейнетақы коэффициентінің саны – РФ-да) мигрант еңбек еткен ел оған зейнетақыны дәл осы елдегі жұмыс істеген еңбек өтілі үшін тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарымен жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы болады.

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төмендегі ресми сайтынан танысуға болады:

http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/migration/social_security/Documents/Соглашение о пенсионном обеспечении.pdf