Есімдерін ұлықтап жыр жазамыз (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнау)

0
1522

Мың тоғыз жүз қырық бірде соғыс болды,
Өткізді елім қаншама қиын жолды.
Отан үшін от пенен оққа түсіп,
Ардагерлер, болашағың аман калды.

Тоғызыншы мамырда бақытты күн,
«Жеңіс» кеп ұмыттырды уақыт мұңын.
Аялап, қастерлейік, ардагерді
Арнаған жеңіс үшін әрбір күнін.

Ардагерлер – аяулы арман ерлер,
От жалын боп майданда жанған ерлер.
Елімді жаудан алып қалған ерлер,
Кешегі сұм соғыста майдангерлер.

Қатал жаудан жүрегі шайлықпаған,
«Аттан» деген бұйрықты жай құптаған.
Сіздер нағыз ержүрек батырсыздар,
Дұшпанға қарсы тұрған, қаймықпаған.

Тәуекелге бел буып шапқан жауға,
Атаңменен бола ма мақтанбауға?
Есімдерін ұлықтап жыр жазамыз
Осынау бейбіт күнде, ақ таңдарда.

Ардагерлер, мың алгыс сізге бізден,
Шын жүректен айтамыз, шын лебізбен.
Жетпіс бес жыл мерейтой құтты болсын,
Шашу шашам сіздерге жыр теңізден.

Ануарбек Диар,
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр
кентіндегі №7 орта мектептің 5 «А»
«Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының
оқушысы