Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді ағайын!

Коронавирус індетін жұқтырғандар Алматы облысында да тіркеліп, оның саны 24 адамға жетті. Осыған байланысты облыс аумағында инфекцияның өсуі мен таралуының алдын алу мақсатында, 15 сәуір күні сағат 00:00 ден бастап карантин режимі енгізілді. Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгін түннен бастап облыс аумағында негізсіз жүріп-тұруға қатаң шектеу қойылып, тыйым салынады.

Біз өз тарапымыздан Сіздердің денсаулықтарыңыз, амандықтарыңыз үшін тиісті сақтық шараларын күшейтіп, мүмкін болған барлық жағдайды жасаймыз. Ал, сіздерден сұрайтынымыз, өздеріңізді, отбасыларыңызды барынша оқшаулаңыздар. Сақтық шараларын, жеке бастың гигиеналық тазалығын, тыйым тәртіптерін қатаң орындаңыздар. Алып-қашпа сөзге бой алдырмаңыздар. Бұл уақытша құбылыс.

Сондықтан шыдамдылық танытып, жөнсіз ашуды ақылға, орынсыз байбаламды сабырға жеңдіріңіздер. Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», — деп бекер айтпаған ғой. Сіздердің амандықтарыңыз үшін бастарын қатерге тігіп жұмыс істеп жатқан жандарға үйде отырып, қолдау көрсетіңіздер. Карантин шараларына түсіністікпен қараңыздар. Сонда ғана бәріміз бірге қатерлі індетті жеңеміз, уақытша қиындықтарды артта қалдырамыз. Үйде болайық! Бірге болайық…

Уважаемые жители района!
В Алматинской области на сегодняшний день зарегистрировано 22 случая заражения коронавирусной инфекцией. В связи с этим с 15 апреля с 00:00 часов введен карантинный режим. Согласно постановления Главного санитарного врача Алматинской области, с этого времени на территории области будут строго ограничены передвижения.

В связи с этим, со своей стороны, мы будем принимать все соответствующие меры предосторожности. Сегодня наша главная задача остановить распространение инфекции. В этом нам помогут только строгие меры соблюдения карантина.

Уважаемые земляки!
Сегодня каждый из вас несет ответственность не только за свою жизнь, но и за многих людей. Поэтому призываю каждого из вас подумать о своих родителях, детях, внуках, родственниках, коллегах. Единственный способ остановить болезнь — ограничить собственное передвижение и контакты с людьми. Строго соблюдайте меры личной гигиены и вводимые ограничения. Не поддавайтесь необоснованным слухам, будьте терпеливы и сохраняйте самообладание. Это временное явление.

Поддерживайте тех, кто работает для вашего благополучия. Только тогда мы все сможем победить эпидемию и оставить позади временные трудности.

Оставайтесь дома!Мы вместе!