Іле ауданың ТЖБ халық көп шоғырланған нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды

0
578

Іле ауданың ТЖБ халық көп шоғырланған нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт ең көп кездесетін төтенше жағдай. Бұл апаттың алдын алу үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
1. Ұйымда темекі шегуге тиісті жабдықталған және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген (көшеде) белгіленген жерлерде рұқсат етіледі. Ғимараттарда темекі шегуге қатаң тыйым салынады.
2. Әр қызметкер белгіленген өрт қауіпсіздігі режимін қатаң сақтауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге, өрт туындаған кезде эвакуациялау тәртібі мен тәсілдерін білуге міндетті.
3. Алғашқы өрт дайындықтарынан өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
4. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5. Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік талаптары орындауы керек. Ұйымның әр қызметкері мыналарды тексеруі керек: алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жағдайын; электр жабдықтарының өрт жағдайы; желдету жүйесінің жұмыс қабілеттілігі; телефонмен жұмыс жасау мүмкіндігі; төтенше жағдай шығу, өту жолдары.

Іле ауданы ТЖБ а.қ.
Капитаны Смагулов А.