ҚИЫНДЫҚТАН СҮРІНБЕЙ ӨТЕЙІК

0
565

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы жасаған  Мәлімдемесін зейін қоя тыңдап шықтым. Дүние жүзі бойынша пандаемия деп жарияланған коронавирустың еліміз аумағына кеңінен таралып, ел басына қиын-қыстау кезең туған тұста Ел Президентінің халыққа тың серпіліс, күш-жігер беретін Мәлімдемесі  дер кезінде жасалды. Әсіресе күні-түні егіс басында болып, көктемгі дала жұмыстарын өз мерзімінде жүргізуге күш салып жатқан еңбекшілер  бұл мәлімдемені  қуана қолдайды. Қ. Тоқаев өз мәлімдемесінде  қазіргі таңда экономиканы тұралатпай дағдағрыстан алып шығудың жолдарын қадап айтты. Оның ішінде ауылшаруашылығы саласы да ұмыт қалмады. Бұл салағы  70 миллиард теңге бөлінетіндігі шаруа қожылықтары үшін қуанышты жайт. Мал  азығы үшін жоңышқа, арпа, жүгері, сонымен қоса көкөніс пен бақша дақылдарын  өсірумен айналысатын мен үшін бұл таптырмас көмек. Осының  арқасында еңбегімді еселей түсетіндігіме сенімдімін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, уақытша қиындықтардан сүрінбей өтейік.

 

Р.ТОТЫБАЕВА,

Іле ауданының Құрметті азаматы, «Жазай» шаруа қожылығының басшысы