Қызу қолдаймыз

 

Бүкіл әлем сияқты Қазақстан да көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын әлдебір құдіреттің адында бүк түсіп, тізе бүкккен сындарлы сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына арнаған «Бірлесе білген ел жеңеді» атты мақаласы көңілімізге тың серпін беріп,  жанымызды жігерлендірді. «Жақсы сөз-жарым ырыс» , -дегендей бойыңды әлде бір үрей билеген кезде Елбас ының ел-жұртты, бірлесе тірлік жасауға,сабырлық сақтауға шақырған үндеуі  өте маңызды қадам. Қандай жағдай болмасын Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев өз ойын халқы алдында бүкпесіз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа, қайырымдылыққа шықырып келеді. Бүгінгі мақаласы соның айқын дәлелі. Ұлт денсаулығы, халықтың амандығы сынға түскен шақта ел басына түскен қиындықтан шығудың жолдарын көрсетіп,бірлесе жұмыс істеудің маңызды екендігін қадап айтты.Ол еліміздің  Егемендік алған жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерді, экономикадағы табыстарды алға тартты.

Шынында да еліміздің тәуелсіз көк байрағы көкке  желбіреген тұста Қазақстан  кездескен қиындықт арды «Бір жағадан бас, бір қолдан жең» шығара отырып еңсерді. Үлкен істер тындырылды.  Ел экономикасы әртараптандырылып,  «Қазақстан-2050» стратегиясы жасалып, «Үдемелі индустриялық-инновациялық  даму» бағдарламасы аясында мыңнан аса жаңа кәсіпорындар ашылды. Елімізде  болып жатқан  осындай  жақсы өзгерістен Іле ауданы да шет қалмады.  Өнеркәсіпті аймақ болып саналатын біздің Іле ауданында да егемендіктің 30 жылы ішінде көптеген жаңа кәсіпорындар ашылып, мыңдаған адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз  етілді. Атап айтар болсақ, тәуелсіздік жылдары ашылған  «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия», «Филип Моррис Казахстан»,  «Первый пивзавод», «Абди Ибрахим Глобал», «Дольче фарм», «Джей Ти Ай Казахстан», «СТК Сокол» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тек ауданның ғана емес, республикамыздың экономикасына сүбелі үлес қосып келеді.Корнонвирус індетінің  елімізде таралу  аумағы кеңейіп,  жер-жерде карантин жаряланып,  барыс-келіс  тоқтатылған жағдайда да осы кәсіпорындар өз жұмысшыларына қолайлы жағдай туғызып, жұмыстарын тоқтатқан жоқ.Мұның өзі айналып  келгенде  облыс  және  аудан бюджетінің қоржынына қосылатын үлестің азаймайтындығына кепіл береді.

Жалпы алғанда   Елбасының бүгінгі Үндеуі аудан халқын көңіліне сенім ұялатып, алдағы жақсы күндерге деген үміттерін ұялатты. Көңілімізде нық сенім, үкілеген үміт бар кезде рухымыз да биік болады.Елбасы өзінің сөзінде айтқандай:  Біз біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Бірлігіміз әрдайым бекем болсын!

Р. АЙДАРБЕКОВА,

Іле ауданының Құрметті азаматы