Мектеп оқушысының денсаулығын сақтау мен нығайту

0
561

Мектеп оқушысы өз денсаулығын сақтау мен нығайту үшін медициналық қызметкер, мұғалім және ата-анасымен бірлесіп салауатты өмір салтын дағдыларын қалыптастыру керек.
Мектеп оқушының денсаулығына қолайлы әсер етеді: күніне 5 рет тамақтану (таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас, кешкі ас және ұйықтар алдында бір стақан айран және т.б. ішу), таза ауада (кемінде 3-3,5 сағат) демалуы қажет, кешкі сағат 23 дейін ұйықтап қалу және 8 сағат ұйықтау, шашты, ауыз қуысын, денені, киімді тазалықта ұстау, компьютерде, теледидарда 1,5-2 сағаттан артық отырмау, зиянды әдеттерден (темекі шегу, ішімдік тұтыну, есірткі қолдану) аулақ болу, қажетсіз істерден бас тарту керек.
Мектеп оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту үшін ата-анасымен вакциналау арқылы түрлі аурулардың алдын алу жөнінде әңгімелесу, сөйлесу керек.
Сонымен қатар таңғы жаттығу, дене шынықтыру, коньки тебу, велосипед тебу, волейбол, баскетбол, туризм және т.б. дене қозғалыс ойындары мектеп оқушының күн тәртібінде болса, мектеп оқушының денсаулығын нығайтып және ағзаны аурулардан сақтап қана қоймай, сау болып өсуіне әсер етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында балалар үшін мемлекет жарналар төлейді.

К. Беристемова
Дәрігер педиатр
Іле аудандық орталық ауруханасы