Наурызда елімізге індет келді

0
800

Наурызда елімізге індет келді,
Бұл дерттен қорқып өмір сүрмек пе енді?
Себебі, қалың xалық үйде отырып,
Көшеге шықпауына міндеттелді.
Наурызда елімізге індет келді,
Коронавирус деген шын боп келді.
Шіркін-ай, көше кезіп ойнайтұғын
Күндерім көзден ұшып мұң боп келді.
Наурызда елімізге індет келді,
Індетпен бірге бізге дүрмек келді,
Мектепке барамыз деп асығып ек,
Қашықтан оқу бізге міндеттелді.
Біз деген қазақ дейтін xалық едік,
Сан зұлматтан аман-сау қалып едік.
Дұғада болайықшы әрқайсымыз,
Алла мен Исламды танып едік.
Бұл сырқат елден кетер, сенермін мен,
Сол сәтте шаттық жырын төгермін мен.
Телміріп терезеден сыртқа қарап,
Үмітті үзбей жүрміз келер күннен.
Абзал жан дәрігерлер ақ xалатты,
Орындап жүрміз біздер бар талапты.
Тезірек емделсе екен барлық науқас,
Көгершіндей қорғаңдар ақ қанатты.
Шіркін-ай ойнап асыр салғым кеп жүр,
Далаға еркін шыға алғым кеп жүр.
Кезінде сабақты тез бітсе деуші ек,
Сағындым, мектебіме барғым кеп жүр.
Мейірімді ұстаздарды көргім кеп жүр,
бетпе-бет Білім нәрін тергім кеп жүр.
Сағындым достарымды, өздеріңмен
Жарысып желаяқтай желгім кеп жүр.
Тілеймін бұл күн ерте жетсе екен деп,
Коронавирус елден кетсе екен деп.
Барлық жан қуанышқа бөксе екен деп,
Жүректен шаттық жырын төксе екен деп.
Е Аллам күш-қуат бер қазағыма,
Салмашы жаман ауру азабына.
Өзіңе дұға жасап жалбарынам,
Тілегімді қабыл ал таза мына.

 

Ануарбек Диар
5 «А» кадет сыныбының оқушысы