Естеріңізде болса өткен жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сақтандыру дауларын болдырмау» пилоттық жобасын бастаған болатын. Алматы облысында бұл пилоттық жоба Іле аудандық сотымен жүзеге асырылуда. Іс жүргізу әрекеттерінің алгоритміне сәйкес, сақтандыру дауларындағы шағымдарды келісуші үйлестіруші судья сақтандыру омбудсменінің қатысуымен қарайды. Пилоттық жоба азаматтардың жанжал деңгейін төмендетуге, дауларды сотқа дейін реттеу институтын дамытуға бағытталған. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Іле аудандық сотында адвокаттардың, медиаторлардың және өкілетті органдардың қатысумен «Соттан тыс сақтандыру дауларын шешудің баламасы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткен болатын. Онлайн отырыста аудандық судьялар пилоттық жобаның негізгі бағыттары мен мақсаттары туралы түсіндіріп өтті. Пилоттық жоба бойынша жұмыс қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде: бір азаматтық іс бойынша сақтандыру омбудсмендері арасында делдалдық келісім бекітілді. Онлайн дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікір алмасып, іс-шараның қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.

М. КАЛИЕКОВА, Іле аудандық сотының судьясы