23 сәуірден 24 сәуірге қараған түні ауыз бекіту басталып, Рамазан айына кіреміз.

Әдеттегідей қасиетті ай тура 30 күнге созылады.

Рамазан айының оразасын балиғат жасына толған, денсаулығында кінәраты жоқ мұсылман қауымның барлығына ұстау парыз етілген. Ал, денсаулығына байланысты ауыз бекіте алмайтын азаматтар «пиде садақа» бере алады. Оның құны 1700 теңгені құрайды.

«Биылдыққа рамазан айындағы пітір садақаның құны 370 теңгені, яғни екі келі ұнның бағасында қойылған. Бұл ең төменгі шектегі құн болып саналынады.

Елдегі жағдайға байланысты мешіттер жабық тұрғаны баршаға мәлім. Садақаны қалай өтейміз деген жандар үшін арнайы қосымша арқылы беруге мүмкіндік берілген. ҚМДБ «Халық» және «Каспий» банктердің басшылығымен аталған банктердің ұялы телефондағы қосымшасы арқылы төлеуді ұйымдастыруды қолға алған. Ұялы телефон қосымшасындағы «төлемдер «деген батырмадан, «пітір садақа» деген жерін іздеп тауып, пітір садақаны аударуға болады. Ол жерде аймақ барлығы рет-ретімен көрсетілетін болады.