Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда

0
706

Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.

«Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, 3 маусым күні Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын. Салдарынан 270 үйдің ауласына су кірген. Бастысы адам шығыны мен қираған үйлер тіркелмеген.

Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда.