Өртенбесін орманың, орман сенің қорғаның

0
605

Қазіргі кезде яғни өрт маусымы басталғанда орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді.

Орманда өрттің шығу себептері адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағанынан болады. Мысалы орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:

-Сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;

-Аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан  шөптер тұтанып жанады;

-Көлік жүргізушілері  орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауыпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т. б;

-Орман ішінде болған саяхатшылар , демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге алау жағады;

-Орман алаңдарына жақын жерлердегі егістік орындарын жағады;

-Күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шыны ыдыстарды немесе сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады.

Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі  –бірінші кезектегі мәселе. Орман өрттерін алдын алуға бағытталған үгіт-насихат тәрбие жұмыстары мектептерде, сауықтыру орындарында, туристік базаларда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиі айтылып отырылуы қажет. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлердеөртке қарсы аншлагтар мен панолар арқылы өрттен сақтандыратын шаралар жасалған. Алайда осыларды орман маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, келесі ұрпаққа аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз.

 

 

 

«Қаскелен орман шаруашылығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ОӨСС-ның бастығы Алимкулов Д.С