ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

0
641

Қазір әлемдегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты елімізде мектеп оқушыларының қашықтықтан оқып отырғандығынан барлығымыз хабардармыз. Міне сондықтан да ауданымыздағы Көктерек ауылындағы №21 орта мектеп бойынша қашықтықтан оқу үрдісі барысында «1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Біздің ауданымыздың өзінде бірнеше ұлттың өкілдері өмір сүреді. Олардың барлығы туту-тәтті, туған елімізді жерімізді аялауға ат салысуда. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмасын деп тілейміз. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тұр тіреп.
Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан, — деп бүгінгі қашықтықтан өткен мағынаға толы кешімізді аяқтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып әрбір үлттың ұлыстың ортасында бір шаңырақ астында берекелі өміріміз ұзағынан болсын.

А.Сұлтанова, №21 орта мектеп