РЕСЕЙДІҢ ТӨРІНДЕ АЛТЫН АЛДЫ

0
1271

Өткен аптада Ресей федерациясы, Мәскеу қаласында әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, РФ Еңбек сіңірген спорт шебері Софья Очигаваның құрметіне өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық ашық турнирде, ауданымыздың үкілеген үміті Қазақстан республикасының жасөсіпірімдер арасындағы чемпион, жастар арасындағы финалист Елдана Талипова жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл шараға елімізден 18 қызымыз қатысып соның 4-уі бірінші орынды алды. Ал, біздің Елдана Талипова аса ауырсалмақта 81 + келіде шаршы алаңға шығып, жергілікті боксшы қызы еуропаның екі дүркін чемпионы Ксения Олифиренконы 3:0-мен айқын басымдылықпен тізе бүктірді.

Елдананың жеке жаттықтырушысы Дархан Қабланбаевтың айтуынша, аса ауыр салмаққа Елдана Талипова биыл ғана көшкен. Соған қарамастан шаршы алаңда өзін жақсы жағынан көрсетті. Қараша айында Азия чемпионатына қатысады деген үлкен үміттеміз – деді.

Жеңісің құтты болсын елдің қызы Елдана!!!!

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ