Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі – жастар, жас өркендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған боларедік. Рәміздерді насихаттаудағы
мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейтіп, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ұғым қалыптастыру және оларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықты,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран, — деп ақын жырға қосқандай, гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының өзіне тән таңба-белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау
шапқанда жер-жердегі сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. Бүгінгі рәміздер күніне орай ауданымыздағы аудандық кітапхана басшысы Қарлығаш Тұранқызы облыстық кітапхананың бастауымен бастаған челленджді қабыл алды. Ал ауданымыздағы 40 мектеп ұжымы мен Боралдай жастары бірігіп әнұранды шырқады. Әнұранымыздың жыр жолдары – адамға зор рухани күш беріп, халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны сипатталады. Ал еліміздің көк Туына келер болсақ, Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу өліммен тең болған. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтар болсақ, «Ту – қасиет! Ту – әскердің ар-намысы!» Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өткізген Ордабасыдағы жиыннанкейін Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбей батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Қазіргі күні егемен еліміздегі татулық пен бірлікті сақтап, рәміздерге деген құрметімізді асқақтату
– біздің басты міндетіміз.

Өз тілшіміз