Алматы облысында оқыс оқиғадан екі бүлдіршін көз жұмды

0
878

Кеше Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында, сағат 17.30 шамасында, екі бірдей бала тоққа түсіп мерт болды. Үй алдында ашық тұрған құдыққа құлаған баланың бірі 4 сынып, бірі 2 сынып оқушысы.

Оқыс оқиға орын алған уақытта әкесі мал алдына шығып кеткен. Ал, анасы жұмыста болған. Кешкі сағат 19.00-де үйіне келген анасы балаларын тауып, өзі шығарып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіндерді құтқару мүмкін болмағандығын айтады.

«Кешкі сағат 20.00 шамасында жеке тұрғын үй ауласынан тоққа түскен екі бала табылды. Құдықтан шығарылған балаларды құтқару мүмкін болмады. Себебі ұрған тоқ күші көп болған, әрі оқиға 2 сағат өткенен кейін хабарланды. Қазіргі уақытта ата-ана балаларын патологоанатомиялық тексеруден бас тартты» , — дейді жергілікті аурухана дәрігері А. Калдарбекова.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қара жамылған ата-анаға, туған-туыстарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алды.