Іле ауданында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды

0
646

Іле аудандық ауруханасының фильтріне Өтеген батыр ауылының 3 тұрғыны жүгінді. Олардың кеудесі рентгенге түсіріліп, өкпе қабынуы анықталған. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 10 адам байланыста болыпты. Олардың бәрі оқшауландырылды. Сондай-ақ осы азаматтар тұратын аумақтарға ереже бойынша дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, жағдай бақылауға алынды. Құрметті аудан тұрғындары, аталған жағдайларға байланысты сабыр сақтауды, артық даурықпауды сұраймыз!

Ең бастысы – үйде болыңыз! Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

Сөйтіп, 17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.