Үстіміздегі жылдың 13 наурызында аса жұқпалы дерт коронавирус алғаш рет елімізде тіркелді. Сол уақыттан бері мемлекет тарапынан сақтық шаралары қатаң қолға алынып, індет ошағы бар қалалардың қақпасы жабылуда. Елдің еңсесін  түсіріп,  көңіліне қорқыныш ұялатқан осындай бір сындарлы кезеңде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәлімдемесі баршамыздың бойымыздағы үрейді сейілтті деп айтсам қателеспейтін шығармын.Коронавирустың кеңінен таралуына байланысты дүние жүзі бойынша өндіріс орындары тоқтап, мұнай арзандап, доллар бағамы шарықтап, дағдарыс жақындап келеді. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде дағдарысқа тойтарыс берудің қадау-қадау жолдарын айтты.Экономиканы жақсартудың, зейнеткерлердің зейнетақысын көбейтудің, жұмыссыз қалғандарға көмек берудің тетіктерін көрсетті. Міндетті түрде уақытша жұмыссыз қалғандарға ,мүгедектер мен жалғыз басты  жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік бюджеттен 200 миллиард теңгенің бөлінетіндігі   халықты шындап қуантып, олардың жүрегіне үміт отын жақты.Шын мәнінде осындай сынағы көп кезеңде қазақстандықтар қандай да болса бір көмекке, нақты жәрдемге өте зәру. Көшілігіміз үйде отырғанда біз үшін жанын салып, уақытпен есептеспей, бастарын қатерге тігіп еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне үш ай бойы үстемақы төленетіндігі де мәлімдемеде баса айтылды.М емлекетіміз осындай қолдау көрсетіп жатқанда қиындықты бәріміз бірге жеңеміз. Бәріміз біргеміз, бөлінбесін іргеміз!

М.Жәбиева,

Іле аудандық аналар кеңесінің төрайымы