БІРГЕ КҮШ БІРІКТІРЕЙІК

0
512

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт То қ а е в т ы ң халыққа арнаған мәлімд е м е с і м е н т а н ы с ы п шықтым. Ұлт денсаулығын, халықтың амандығын сақтау ж о л ы н д а ғ ы атқарылған жұмыстарды ретретімен баяндай келе, карантин мерзімінің 11 мамырға дейін ұзартылатындығын айтыпты. Одан кейін карантин талаптарын жеңілдетуге бағытталған шараларды атап өтіп, көптеген жақсы жаңалықтармен бөлісті. Мұның өзі біздің көңілімізге сенімділік ұялатып, жақсы күндерге деген үміт отын оятты. «Жасы сөз — жарым ырыс», — дегендей халықты сабырға, төзімділікке шықырғаны да санаға серпіліс туғызғандай. Індеттің таралу ауқымы күн сайын көбейіп келе жатқандығын ескерсек, бұл өте құптарлық сақтық шарасы. Қазіргі таңда мемлекетіміз адамдардың үйлерінде болып, өздерін оқшаулауына қатысты барлық жағдайды жасады. Көптеген қызметкерлердің үйінде отырып жұмыс жасауына, студенттер мен оқушылардың қашықтықтан оқуына мүмкіндік туғызды. Тұрмысы төмен әрі табысынан айырылғандарға жәрдемақы тағайындады. «Біргеміз» қорынан көмекке мұқтаж жандарға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді. Ешкім де қамқорлықсыз қалған жоқ. Бұл жайында өз сөзінде «Қазіргідей күрделі кезеңде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды», — деп атап өтті. Мемлекет басшысы осылайша мұқтаж жандарды қамқорлығына алып, табысынан айырылғандарға жәрдемақы беріп жатқанда біздің сабырлық сақтап, шыдамдылық танытып, карантин шараларын қатаң орындағанымыз жөн. Өз өзімізді барынша оқшаулау, тазалық тәртіптерін сақтау арқылы ғана мемлекетке көмектесе аламыз. Жел сөзге ермей, арандатушылық әрекеттерге бармай, тек тыныштық сақтайық. Бәріміз осылайша бірлескен кезде ғана қатерлі індетті жеңе аламыз. Біздің күшіміз – бірлікте.

А. ЮСУПОВ, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, Іле ауданының құрметті азаматы