ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Twitter-дегі парақшасында «Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн. теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», — деген болатын. Бұл жазба қазіргі тұралап тұрған ел экономикасына жақсы серпін беретініне біз сеніммен қараймыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық экономиканы қолдау» тапсырмасын орындау шеңберінде қызмет көрсету және сауда саласындағы мониторинг бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.
Қазіргі уақытта аталған топтың алдында көптеген міндеттер тұр. Негізгілерін атап өтер болсақ,
жергілікті жерлердегі бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу, жұмыс күшін босату мониторингі болып табылады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда және өтініш берген кәсіпкермен келісім бойынша жұмыс тобының мүшелері проблемалық мәселені анықтау үшін сауда орнына немесе объектіге шығып, шағын және орта бизнес өкілдерінің мәселелерін шешуге атсалысады. Республикалық немесе облыстық деңгейде шешуді талап ететін немесе жұмыс тобы қызметінің
шеңберінен шығатын мәселелер құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органдарға немесе өзге де ұйымдарға жіберіледі. Іле ауданындағы «Dolce-pharm» компаниясы облыс көлеміндегі маска өндіру бойынша алдыңғы орында тұрған мекемелердің бірі. Төтенше жағдай орын алғалы бері маска тапшылығы білінген тұста аталған компания жаңа  станоктарды өндіріс орындарына алдырып, қосуға дайындауда. Егер бұл станоктар қосылған жағдайда компания өкілдері аптаның соңына қарай өнімділікті екі есе арттырамыз деп жоспарлап отыр.
Осындай қысылтаяң уақытта біз бизнес өкілдеріне қолұшымызды беріп, әкімдік кедергілерге
бой алдырмай, ел экономикасына өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

 

 

Е. ТҰРАЛЫҚОВ,
Алматы облысы,
Іле ауданы кәсіпкерлер палатасы
филиалының директоры