ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – ЕҢ ҮЗДІК БІЛІМ ОРДАСЫ!

0
482

Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы ең үздік білім ордасы,елдің бетке ұстар университеті. ҚазҰУ 86 жылдық білім беру тәжірибесінде жоғарғы белестерден көрініп, халықаралық QS “World University Rankings ” рейтингінде ең үздік университеттердің ішінен 207 орынға жайғасты. КазҰУ тек Қазақстан Республикасынан ғана емес ТМД елдерінен, Орталық Азияда университеттері ішінен осындай мәртебеге ие болған бірден бір университет.
ҚазҰУ Қазақстанның қаржылық орталығы – Алматының төрінде орналасқан, 100 гектардан астам аумақты қамтиды. Университетте 27,000-нан астам студенттер «Экономика және бизнес жоғары мектебі», «Механика-математика», «Биология», «Физика-технология», «Филология», «Химия», т.б. көптеген факультеттерде білім алады. ҚазҰУ қалашығында Орталық Азиядағы ең үлкен кітапхана, студенттердің жайлы тұрақтауына арналған 18 студенттер үйі бар. Қалашықта спорт кешені, жүзуден 2016 жылғы олимпияда ойындарының жеңімпазы Д.И Баландин атындағы бассейн, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет» студенттер қолданысы үшін әрқашан ашық. ҚазҰУ меншігіне зәулім Ә. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы тиесілі. Университет білім беру саласындағы барлық жаңа технологиялармен жабдықталған. Студенттердің әсем қалашықта серуендеп, демалуы үшін жыл сайын көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар университтеті одан да әсем ету мақсатымен жаңа объектілер салынуда. Соңғы жылдары қалашықта студенттер қолданысына арналған электронды карталар орналастырылды, сондай-ақ көркем су саябағы, жаңа фонтандар салынды.
Мен Қазақ Ұлттық университетінің ең ірі факультеттерінің бірі болып саналатын «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің, «Бизнес технологиялар» кафедрасы, «Логистика» мамандығының 4-курс студентімін. Бұл факультет 1995 жылы ашылған. Қазіргі таңда, факультетте еліміздің ең білкті мамандары оқыту ісін жүргізеді. Әсіресе, «Бизнес-технологиялары» факультеті мұғалімдерінің білім беру процессі қызықты, әрі жоғары дәрежеде атқарылады. «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз көрсеткіштерін жақсартып, позициясын күшейтті. Аталмыш рейтингке басқа мамандықтармен қатар «Экономика және эконометрика» (451-500) мамандығы алғаш рет енді.
Логистика – материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым. Ал логист дегеніміз — жүк қозғалысын ұйымдастыру барысындағы көлік түрін таңдау, маршрутын анықтау, шығындарды басқару және қойма ісін жүргізудегі мәселелерді шешетін маман. «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға байланысты және Қазақстанның транзиттік қызмет көрсету мүмкіндктерінің кең болуына байланысты қазіргі таңда логистика үлкен сұранысқа ие мамандық.
Қазіргі таңда, әлемде жоғарғы қарқынмен таралған COVID-19 вирусынан студенттерді қорғау мақсатымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғашқы болып қашықтықтан оқыту бағдарламасына көшті. Сонымен қатар, ҚазҰУ-нің «Жаңа химиялық және технологиялық материалдар» факультеті ғалымдары вирусқа қарсы тиімді дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерін жасау процесін қолға алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқыту процесін тиімді ету, жаңа технологияларды қолдану, студенттердің денсаулығын сақтау, оқу процесін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін үнемі жақсарту жұмыстарын жүргізеді. ҚазҰУ-нің жаңа бастамалары студенттер арасынан қолдау тауып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, оқушылардың жетістігі арқасында биік белестерге жеткен ең үздік университет. Оқу ордасының ғылым саласында әлі де талай биік шыңдарға жететініне кәміл сенеміз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің,
«Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің,
«Бизнес технологиялары» кафедрасының,
логистика мамандығының 4-курс студенті Темірғалиева Айгерім
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің,
«Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің,
«Бизнес технологиялары» кафедрасының профессоры
Шеденов Утегали