Ризашылық – мейірімділік бұлағы

0
1809

«Ризашылық» сөзінің мағынасына қарайтын болсақ «риза болу», «разы болу» деген сөзден шыққан,яғни «Разылық» деген мағынаны білдіреді.Разылыққа бөлену адамзат үшін өте үлкен құрметтің бірі.

№4 мектебімізде 2020 жылдың ақпан айында балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту, жалпы тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғысының, қайырымдылық, достық пен махабаттың негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту мақсатында  «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» тақырыбында апталық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 5-сыныптарда «Мен алғыс айтамын» тақырыбында сынып сағаттары,
10 сыныптар «Ұшқыр ой алаңы» дебаты сынып жетекшілер Тасубай А. мен Жолдина Ж.басқаруымен,7-сыныптар арасында «Қазақ халқына алғысым шексіз» тақырыбындағы кездесу,оқу меңгерушісі Г.Досбаева ұйымдастыруымен «Шексіз шығармашылық» шығармашылық  жұмыстары мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында   байқаулары өтті. Апталық балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Апталық  аясында мектепте жетім, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында Маханова Н.  «Мейірімді жүрек- жылы тілек»  тақырыбында акция өткізумен бастады.Мектеп психологы Дүнгенова М.
«Біз бақытты баламыз» тақырыбында  тренинг ұйымдастырумен жалғастырды. Жалғызбасты қарттарға көмек ретінде 8-сынып оқушыларын сынып жетекшілері Құдайбергенова Г,Әтейбекова Р. ұйымдастыра отырып қариялар алғысына бөленді.Ең үздік тәрбие сағаты ретінде 5г сыныбы Э.Омарова жетекшілігімен және 5б сыныбы Ж.Кусмолдина жетекшілігімен дайындалған сынып сағаты бағаланып,марапатталды.