ТІЛІ МӘҢГІ ЖАСАҒАН ХАЛЫҚ ӨЗІ ДЕ ӨЛМЕЙДІ

0
1084

Дүйім дүниенің небір кереметтерінің ең асылы, ғажайып сиқыры, қайталанбас өмірдің мәні табылар жарқыраған сәулесі -тіл. Сансыз ғаламат жиналған адам жүрегінде биік ойдың зәулім сарайын тұрғызып, мұң мен уайым толқынын шексіз бақыт шуағымен жалғастыратын, жаңа өмірдің бастауы, естеліктің сөнбес жылтыры болып табылатын бұл құдіреттің шегі жоқ. Халықтың кемеліне келіп, мықты тізгінін өркендеу бағытына бұру үшін ең алдымен бостандық пен махаббат лебізімен жылынған кеудедегі білім қажет.

Ана тілі –жұртты бір адамның жұдырығындай жұмылдырар күштің, азаттық пен шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Көктемнің нұрына шомылған көкжиектің бұлтына асқар арманмен көз салған әр жас ұрпақ өзінің терең тарихының үнімен биязы мақамы домбыраның сазындай әсем қазақ тілінде сөйлесе- тіл өткірлігі ешқашан да мойымас, іргесі мәңгіліктің төріне жайғасып, ұлы өмір жолы әрі қарай тек бірлік пен тәуелсіздікте жалғасар.

 Адам болмысына шуағын түсірген өшпес сөздердің өткір айы бұл әлемнің бетінде әлі мәңгі жарқырайды. Жасырын сырға толы, жан түбіне ашық жолмен жететін сөздің дәуірі еш уақытта бітпейді. Кеудесіне білім ұялатқан әрбір азаматтың рухани байлығы мен қазынасы асыл мұратты арманға толы тілінде жатыр. Мына шетсіз дүние-ғаламда шексіздік кеңістігінен көрінуді мақсат етпеген ұлт жоқ. Ұлыс мұратының мұндай көсегелі биіктен көрінуін қамтамасыз ететін- тамыры тереңнен тартар тарихымыз, рухани құндылықтарымыз, аяулы тіліміз. Туған елінің халық болып қалыптасуы мен мықты ұлт болып бекуі жолын біліп, мәдениеті мен сусындап өскен әрбір жанның тамаша сезімдеріне бір керемет байлыққа толы болады. Өлгенді тірілтіп, өшкенді қайта жағар сөздердің алатын орны, тіпті адам ойлағанынан маңыздырақ. Өмірдің өтпелі екенін сезіне отырып, мәңгілікпен тілдес болу, сырласу, заманға үн қатып, сансыз жүректердің түбіне жол табу сиқыры өлшемсіз тұңғиықта жатыр. Күн өткен сайын жұмбағы молая түскен ойран- топыр заманалардың ақсиғанағынында жоғалып кетпей, өз реңі мен бояуын тапқан анна тіліміздің адам жанында ұя салуы жарқын болашаққа ақ жол ашады. Алып ғасырдың алғашқы күндерінің тұсауын кесіп, халықтың қараңғылықтан құтылуына апарар бостандық жолының шырағы адам жанында бағасыз байлық жандырады.

Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Адам бойындағы қасиет пен білімділіктің өлшемі тілден басталады. Жаңа заманның босағасынан аттай отырып, жаһандану үдерісі мен беттесу әр ұлтқа оңай соғып жатқан жоқ. Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп айтамыз, бірақ құрмақтау сөздермен бұл бағасыз тілдің өздігімен сақталып қалуы мүмкін емес екенін түсіну керек. Туған тілін жат көріп, оған шұлдырлап-бүлдірлеу қазақ азаматына мүлде жат нәрсе. Өз тілінде дұрыс сөйлей алмаған адам – өткен тарихын білмеген адасқан десек, қателеспеспіз. Тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, бұл кең дүниеде тек дархан даланың қоңырау желі ескен көркем тіл өлмейді.

Автор: Айсана ҚАНАТҚЫЗЫ