Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы — қазақтар.
Сондай ардагерлердің бірі — Нұрабаев Шәйғали Сатыбалдыұлы. Шәйғали Сатыбалдыұлы 15 баланың әкесі 1915 жылы Алматы облысы Гвардия ауданы Бахмутка ауылында дүниеге келген. Қоғалы орта мектебінде оқып, ұжымшарларда бригадир болып жұмыс жасады. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып 1939-1940 жылы орыс-фин соғысына, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты. Жау басып алған жерлерді азат ету жолында аянбай күресті. Соғыс аяқталғаннан кейін де елге орала қойған жоқ, өйткені ауыр жараланғаннан кейін ес түссіз жатқанда қателікпен Дальний Востоктағы госпитальға жөнелтілген, аман есен жазылған соң 1948 жылы еліне оралды, ол кезде 1940 жылы дүниеге келген тұңғыш ұлы Қалмұханбет 8 жасқа келген еді. Калинин МТС-на тракторист болып жұмысқа орналасады. Соғыстан қайтқан соң, жары Зура анамыз тракторды өткізіп үй шаруасына қараған. КСРО-да 1954-1960 жылдары тың игеру, тыңайған жерлерді игеру науқанына қатысты. 1960 жылдары Жоламан ауылына қоныс аударып, тракторшылар бригадасында бригадир болып жұмыс жасады. Жаманшылық айтып келмейді, 1963 жылы 8 наурызда көктемгі егістікке техникаларды дайындау жұмыстары кезінде от алып тұрған темір табанды тракторды тәжірибе алып жүрген курсанттар жүргізіп жіберіп Құрманбай Ысқақов деген кісі екеуін трактор таптап өтіп ауыр жарақат алады. Сол 1963 жылы мамыр айында асыл жары Зура Сапарқызы о дүниелік болады да артында қартайған ата-ене, ауыр жарақат алған төсекке таңылған жары, шиеттей бала-шаға Қалмұханбет, Куляниза, Алтай, Күлипа, Бекмұханбет, Данипа, Әлмұханбет, Қанипа 1,5 жаста қалады.
1968 жылы Райхан Шүленбайқызымен ақ некесін қиып шаңырақ көтереді де Сағыныш, Қайрат, Гүлмира, Марат, Маман, Алпысбай, Жаңабай дүниеге келеді.
Сұрапыл соғыста кеудесін оққа төсеп, ерлік көрсеткені үшін «Германияны алғаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Геогрий Жарков», соғыстың 40, 50 жылдық Жеңіс мейрамдары және т.б медальдармен марапатталды.
Ұлы Отан соғысының ардагері марқұм Шайғали Нурабаевтың қазіргі таңда 14 баласының барлығы да үйлі-баранды өсіп өнген әулет, 42-ден аса немере, 63-тан аса шөбере, 17-ден аса шөпшегі бар.
Шөберелері Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында «Менің бабам да майдангер болған» деп бабаларын мақтан етеді. Осындай әкелер өнегесін кейінгі ұрпағы мақтан етеді. Ал кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

№ 21 орта мектеп
Сағыныш Байбекова